«Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қазандағы № 375 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19436 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 570-бабына сәйкес жер салығын уақтылы және толық көлемде төлеуге;».